KZNEWS.KZ
Аймақ

Әзербайжан диаспорасы әскери қызметшілерді іздеп жатқандарға алғашқылардың бірі болып көмекке келді

Асқар Алтайұлы
Фотолар Ulysmedia арнасынан алынды

Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында әскери қызметшілерді іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға орнына Ақтауда тұратын әзербайжан диаспорасының өкілдері келіп, іздеу жұмысына қатысып жатқан адамдарға ыстық тамақ пен сусын жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.

«Достлуг» диаспорасының өкілі Эльмир Шахсуваровтың Ulysmedia.kz басылымына айтуынша, олар қайғылы оқиға туралы естіген соң қолдарынан келген көмекті көрсетуге шешім қабылдаған. Журналист бұған дейін Ақтау маңында AZAL ұшағы апатқа ұшырағанда қазақстандықтардың көрсеткен көмегін де еске алды. Шахсуваровтың сөзінше, бұл жолғы қолдау сол көмектің өтеуі ретінде жасалып жатқан жоқ: олар Ақтауда тұратындықтан, қиын сәтте шет қалғысы келмеген.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Каспийдегі оқиға салдарынан қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты. Ведомство із-түссіз кеткендердің аман табылуына үміт білдірді.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →