Қаржы саясаты мен несие "ноу-хауы": халық кедей, банктер бай...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әзербайжан Ираннан дипломаттарын шұғыл шығарып жатыр: не болды?

Әзербайжан Ираннан дипломаттарын шұғыл шығарып жатыр: не болды?
ашық дереккөзден

Әзербайжан Ирандағы дипломатиялық қызметкерлерін елден шығару туралы шешім қабылдады. Бұл қадамға ирандық дрондардың шабуылы себеп болғаны айтылуда, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы Әзербайжанның сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов мәлімдеді. Оның айтуынша, президент Ильхам Әлиев Иран аумағындағы дипломатиялық персоналды толықтай эвакуациялау жөнінде тапсырма берген.

Министрдің сөзінше, бұл шешім Тегерандағы Әзербайжан елшілігіне және Тебриз қаласындағы Бас консулдыққа қатысты.

"Қазіргі уақытта дипломатиялық қызметкерлерді елден шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деді Байрамов.

Оқиғадан кейін Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі елдегі Иран елшісін шақырып, оған ресми түрде наразылық нотасын тапсырған.

Ал Иран тарапы өз кезегінде бұл шабуылға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер