KZNews.kz
Жаңалықтар

“Азаматым-ау… Асқар тауым құлады“ - Бағдат Әшімованың видеосы халықты жылатты

Ayzhan Sylanova
Коллаж: sn.kz

Әлеуметтік желіде қазақтың көрнекті тұлғасы, марқұм Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімованың жоқтау айтып отырған сәті түсірілген видео кеңінен тарады, деп хабарлайды kznews.kz Sn.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейнежазбада Бағдат Әшімованың қайғыдан дауыс шығарып жылап, өмірлік серігімен қоштасып жатқан сәті анық байқалады. Ол жоқтау барысында жүрек тебірентер сөздер айтып, жан серігінің қазасына күйзелісін жасырмаған.

«Азаматым-ау… Асқар тауым құлады. Жатқан жерің жайлы болсын. Енді мұңымды кімге барып айтамын…» – деген дауысы видеодан анық естіледі.

Бұл кадрлар желі қолданушыларының бейжай қалдырмады. Көпшілік пікір білдіріп, жұбату сөздерін арнаса, кейбірі әртүрлі көзқарасын білдірді.

Желіде: «Бағдат апаны қатты аяймын, бар ғұмырын осы кісіге арнаған дана жар», «Қазақта жоқтау – ежелден келе жатқан салт, оны ұмытпау керек», «Бағдатқа Алла сабыр берсін», «Жоқтауды көптен бері естімеп едік» деген пікірлермен қатар, «Әртіс болған соң ел алдында айтып тұрған шығар» немесе «Жоқтау жас өлікке айтылады емес пе?» деген сыни пікірлер де жазылды.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары