Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Асқар тауым құлады": Бағдат Әшімованың айтқаны жоқтауы жүректерді жылатты (ВИДЕО)

"Асқар тауым құлады": Бағдат Әшімованың айтқаны жоқтауы жүректерді жылатты (ВИДЕО)
ozgeris.info коллажы

Әлеуметтік желілерде марқұм актер Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімованың жоқтау айтып, зар илеген видеосы кеңінен тарады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Видеодан Бағдат Әшімованың дауыс шығарып жылап, жан күйзелісін жасыра алмағанын байқауға болады. Кадрда оның:

"Азаматым-ау… Асқар тауым құлады. Жатқан жерің жайлы болсын. Енді мұңымды кімге барып айтамын…" – деген сөздері анық естіледі.

Аталған бейнежазба желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Бірі Бағдат Әшімованың қайғысына ортақтасып, сабыр тіледі, енді бірі жоқтау айту қазақтың ұмыт бола бастаған салт-дәстүрі екенін алға тартты. Ал кейбір пікір иелері бұл әрекетке әртүрлі көзқарас білдіріп, сын айтқанын да жасырмады.

Желіде қалдырылған пікірлер арасында: "Бағдат әпкені қатты аяймын, бар ғұмырын сол кісіге арнаған", "Жоқтау – қазақтың көне дәстүрі", "Сабыр берсін", – деген жазбалар жиі кездесті.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер