Құрылтай сайлауы белгіленді: 7 партия додаға қатысудан дәмелі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Азаматтық бастамаларға қолдау: 96 жобаға 1 млн теңгеден берілді

Азаматтық бастамаларға қолдау: 96 жобаға 1 млн теңгеден берілді
Фото: ашық дереккөздерден

Елімізде азаматтық бастамаларға қолдау күшейіп келеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен биыл азаматтық бастамаларды қолдауға бағытталған шағын гранттар байқауына жалпы саны 520 өтінім түскен. Әрқайсысының көлемі 1 миллион теңгені құрайтын бұл гранттар қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған бастамаларға берілді.

Іріктеу нәтижесінде сегіз негізгі бағыт бойынша 96 жоба үздік деп танылып, бүгінде олардың практикалық іске асыру кезеңі басталды. Жобалар әлеуметтік маңызы мен өңірлік қажеттіліктерге сай таңдалған.

Қазіргі уақытта грант иегерлері еліміздің әр өңірінде ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп, алғашқы іс-шараларын өткізе бастады. Кейбір жобалар ауылдық жерлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қолға алса, енді бірі еріктілер қозғалысын дамытуға, экологиялық мәдениетті арттыруға және әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталған.

Жобалардың негізгі бағыттары қатарында денсаулық сақтау саласын қолдау, тарихи-мәдени мұраны сақтау, қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік осал топтарға көмек көрсету, волонтерлік қозғалысты дамыту және ауылдық жерлердегі азаматтық белсенділікті арттыру сияқты маңызды салалар бар.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мамандарының айтуынша, мұндай шағын гранттар азаматтық қоғамның дамуына серпін беріп, жергілікті деңгейдегі бастамалардың өміршеңдігін арттыруға мүмкіндік береді.

Автор
Гүлжан Амангелдіқызы

журналист-жазушы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. «Арай +» телеарнасында, «Қазақстан - Атырау» телеарнасында редактор, «Жетісу Университеті», «Нұрлы өлке» газеттерінде тілші және Baq.kz, Inbusiness.kz, El.kz ақпараттық порталдарында фрилансер болған.