KZNEWS.KZ
Қаржы

Автонесиеге сұраныс 9 пайызға төмендеді

Фото: afk.kz

Қаржы нарығын талдау орталығының дерегінше, автонесиенің орташа мөлшерлемесі 18,8 пайыздан 24,4 пайызға дейін өскен. Соның нәтижесінде жаңа автонесие беру көлемі 24 пайызға қысқарып, 886,6 млрд теңге болды.

Ал көлік сатып алуға мақұлданған өтінімдер саны 13 пайызға азайып, 449,7 мыңға түсті. Мақұлдау үлесі де 17,6 пайыздан 16,8 пайызға төмендеген.

Бұл несие төлемінің орташа жалақыға қатынасы 24,7 пайыздан 30,6 пайызға өскенін білдіреді. Жалпы автонесие портфелі небәрі 5,2 пайызға ұлғайып, халықтың жалпы берешегінің 16,3 пайызын құрады.

Соған қарамастан елде автомобиль өндірісі екі есеге жуық өсіп, 138,7 мың көлікке жетті. Яғни, нарықтағы ұсыныс артқанымен, қымбат несие халықтың сұранысын тежеп отыр деп пайымдайды Қаржыгелер қауымдастығының сарапшылары.

Дегенмен, жылдың үшінші тоқсанда банктер дилерлік бағдарламалар мен мөлшерлемені субсидиялау арқылы сұранысты қайта жандандыруды көздеп отыр.

Қалмаханбет Мұқаметқали
Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
Автордың басқа материалдары →