Оқиға «орын үшін жанжалдан» шыққаны айтылуда. Жолаушылардың айтуынша, автобустың ішінде адамдар көп болған. Дау кезінде ауыр соққы алған жүкті әйелге ешкім бірден көмек көрсетпеген.
Куәгерлер әлеуметтік желіде ашу-ызасын білдіріп, «қалай ана болып жүріп, жүкті әйелді ұруға болады?» деп жазуда. Кейбірі «бүкіл автобус неге араласпады?» деп наразы болды.
Желі қолданушылары кінәлі әйелді табуды, заң алдында жауапқа тартуды талап етіп отыр.
Оқиға 16:20 шамасында Ош базары – шлагбаум бағыты бойынша қатынайтын автобуста болған.