KZNews.kz
Қоғам

Автобуста мас еркек 12 жастағы оқушыны ұрып кетті

Ayzhan Sylanova

Оқиға қоғамдық көлікте болған. Екі ер адам мас күйде жолаушылардың мазасын алып, дөрекілік танытқан. Сол сәтте шығатын есік маңында отырған екі оқушының бірі ескерту жасаған. Алайда ер адамдардың бірі автобустан түсер сәтте қыздың бетінен ұрып жіберген.

Жолаушылар оқиғаға ашуланып, полиция шақыратындығын айтқан. Автобус жүргізушісі күдіктілердің қашып кетпеуі үшін есіктерді жауып, көлікті тоқтатқан.

Полиция мен жедел жәрдем оқиға орнына дереу келген.

«Қызға қол көтерген күдікті ер адам анықталып, ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті.

Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, әлеуметтік желі қолданушылары қыз баланы қорғап қалған автобус жүргізушісі мен жолаушылардың әрекетін оң бағалады.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары