Мәскеуде Әлихан Бөкейхановқа бюст орнатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтауда жаттықтырушы ерекше баланы ұрған (видео)

Ақтауда жаттықтырушы ерекше баланы ұрған (видео)
Фото: Видеодан скрин

Ақтауда әйел оңалту орталығында жаттықтырушының ерекше балансын ұратынын білген. Ол бейнекамераға түсіп қалған жазбадан орталық қызметкерлерінің балаға күш көрсетіп, ұрып-соғып, мазақ еткенін көрген, деп хабарлайды kznews.kz.

Раиса Маратқызы баласының денесінен бірнеше рет көгерген іздерді байқаған. Кейін бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап көрмек ьолған. Оның сөзінше, бейнежазбадан жаттықтырушылардың балаға күш көрсеткенін көруге болады. 

10 наурыз күні балаға күш көрсетті деген ақпарат тараған соң өңірдегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл, білім басқармасының балалар құқықтары бөлімі басшысы және әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Ақтаудың 17-шағынауданында орналасқан “Victory-a” аутизм орталығына барған.

“Бұл мекеме – жекеменшік орталық. Онда ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізіледі, алайда орталық мемлекеттік қаржыландыру алмайды”, – деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық білім басқармасы.

"Қолын қайырып, күш көрсеткен": Желіде Алматыдағы орталықта балаларды қинап жатқан видео тарады

Тексеру барысында орталықтың маңдайшасы алынып тасталғаны, ал мекеменің өзі жабық екені анықталды. Басшысының айтуынша, ұйымның жұмысы уақытша тоқтатылды.

“Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу деректеріне сәйкес, бейімделген дене шынықтыру жаттықтырушысы кәмелетке толмаған балаға күш қолданып, өрескел құқық бұзушылық жасаған” , – деп хабарлады полиция.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.