Шоу-бизнес

Австралиялықтың мешіттегілерді қырып салған сәтінің видеосы пайда болды

Австралиялықтың мешіттегілерді қырып салған сәтінің видеосы пайда болды

Ол кемінде 27 адамды өлтірген.

Жаңа Зеландиядағы мешіт ішінде болған қанды қырғынның видеосы пайда болды. Оның кадрлары GoPro-камераларға арналған Live4 хостингінде жарияланды, деп хабарлайды Lenta.

Мешітке кірген қылмыскер алдымен мылтықпен өзінің алғашқы құрбандарын ата бастайды. Сосын қолына винтовка алып, жан-жағына тағы оқ атады.

Видео Крайстчерч қаласында түсірілген. Қылмыскер кемінде 27 адамды өлтірді. 30-дан астам адам жараланды.

Қылмыскер әсіреоңшыл көзқарастағы Австралия азаматы.

Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джасинда Ардерн бұл оқиғаны ел тарихындағы "ең қаралы күндердің" бірі деп атады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!


[ad_2]
Zakon.kz

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz