Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ауыз бекіту және ауызашар дұғасы

Ауыз бекіту және ауызашар дұғасы
Ауыз бекіту және ауызашар дұғасы 2026

Рамазан айы – мұсылмандар үшін сабыр мен сауапқа, рухани тазаруға толы қасиетті кезең. Бұл айда ораза ұстау – Ислам дініндегі бес парыздың бірі. Оразаның қабыл болуы үшін ауыз бекіту мен ауыз ашу кезінде ниет етіп, дұға айту маңызды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Ауыз бекіту – таң намазы кірмей тұрып, сәресі уақытында ниет етіп, ішіп-жеуді тоқтату. Оразаның негізгі шарты – ниет. Ниет жүрекпен жасалады, ал оны тілмен айту – құптарлық амал.

Ауыз бекіту дұғасы (ниет):

Нәуәйтү ән асуума саума шәһри рамадана минәл-фәжри иләл-мәғриби халисан лилләһи тағала.

Мағынасы: Алла Тағаланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын таң атқаннан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім.

Күн батқан соң оразаны ауыз ашумен тәмамдау қажет. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) ауыз ашуды құрма немесе сумен бастауды сүннет еткен.

Ауызашар дұғасы:

Аллаһуммә ләкә сумту, уә бикә әәмәнту, уә ғаләйкә тәуәккәлту, уә ғалә ризқикә әфтарту.

Мағынасы: Уа, Алла! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім және Сен берген ризықпен ауыз аштым.

Дін мамандарының айтуынша, ауыз бекіту және ауызашар кезіндегі дұғалар адамның ниетін бекемдеп, сабырын арттырады. Бұл дұғаларды білу және айту – оразаның әдебіне жатады.

Айта кетейік, ауыз бекіту дұғасын ұмытып кету оразаны бұзбайды. Ең бастысы – жүректегі ниет. Ал ауыз ашуды себепсіз кешіктіру сүннетке қайшы саналады.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер