Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Әулие ата» - ардагерлер арасында Қазақстан Чемпионатының жеңімпазы

«Әулие ата» - ардагерлер арасында Қазақстан Чемпионатының жеңімпазы

Тараз қаласында футзалдан XXIII Қазақстан Чемпионаты өтті.

Жарысқа 12 команда қатысты: «Дантист» (Тараз), «Жетісу-Ардагер» (Талдықорған), «Мыңбұлақ» (Жамбыл облысы), «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Әулие ата» (Тараз), «Болат АМТ» (Теміртау), «Намыс Қазфосфат» (Қаратау), «КеденТрансСервис» (Атырау), «Қайсар» (Қызылорда), «Жеңіс» (Тараз), «Қосқұдық-Шу» (Шу), «Атбасар 150» (Атбасар).

Қатысушылар үш топқа бөлінді – «А», «В» және «С». Әрі қарай финалдық ойындарға ұласты. 

Үшінші орынды қызылордалық «Қайсар» иеленді. Олар талдықорғандық «Жетісу-Ардагер» командасынан 2:0 есебімен басым түсті. Финалда тараздық «Дантист» және «Әулие ата» командалары кездесті. Ойында 3:1 есебімен жеңіске жеткен «Әулие ата» жеңіске жетті. 

Жарыс қорытындысы бойынша үздік ойыншылар анықталды:

Үздік қақпашы – Өмірбек Қаппаров («Қайсар»)

Үздік қорғаушы – Рашид Смаилов («Жетісу-Ардагер»)

Үздік шабуылшы – Берік Өскенбаев («Дантист»)

Үздік сұрмерген – Алмасхан Лепесов – 16 гол («Әулие ата»)

Марапттау рәсімін Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов жүргізді. 


Дереккөз: prosports.kz/kz
Автор
Санжар