KZNews.kz
Әлем

Ауғанстанда болған ірі жол апатынан 79 адам көз жұмды

Айжан Сыланова
Фото: ашықдереккөз

Қайғылы жағдай 19 тамыз күні кешке Гузара ауданында болған. Куәгерлердің айтуынша, өрттің қатты өршуіне байланысты автобустан небәрі үш адамды ғана аман алып шығу мүмкін болған. Жергілікті билік өкілдері мен дәрігерлер кейбір денелерді тану мүмкін болмай отырғанын мәлімдеді.

Герат әкімшілігі қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, оқиға орнына құтқарушылар мен дәрігерлер дереу жіберілгенін хабарлады.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →