"ЦОНда шынымен посредниктер жүр ме?" – ҰҚК-дан мән-жайды анықтау сұралды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Әуежайда отырмыз": Танымал әнші Жазира Байырбекова қазіргі жағдайы туралы айтты

"Әуежайда отырмыз": Танымал әнші Жазира Байырбекова қазіргі жағдайы туралы айтты
ozgeris.info

Қазақстандық танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында шетелдегі қазіргі жағдайы туралы айтып, қауіпсіз елге ұшуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иесі жариялаған бейнежазбада оның Маскат қаласының әуежайында отырғаны көрінеді. Әншінің сөзінше, олар Түркияға билет алып, Ыстамбұлға ұшпақ.

"Қазір Маскат әуежайында отырмыз. Мұнда келген адамдардың бәрі билет іздеп жүр. Қай жаққа десең, "қайда болса да бәрібір" деп жауап береді. Біз де тыныш мемлекетке ұшайық деп шештік. Алла қаласа, Түркияға, Ыстамбұл қаласына билет алдық. Әрі қарай не боларын көре жатармыз", – деді Жазира Байырбекова.

Әнші сонымен қатар Қазақстаннан келетін эвакуациялық рейске не себепті мінбегендерін де түсіндірді. Оның айтуынша, эвакуациялық ұшаққа отыру үшін баланың жасы 5-тен аспауы керек.

"Көп адам: "Елден келетін эвакуациялық ұшаққа неге отырмадыңыздар?" деп сұрап жатыр. Ол рейске баламен болсаңыз, 5 жасқа дейінгі бала болуы керек екен. Біздің қызымыз Дара 6 жаста болғандықтан, заң бойынша бізді алып кетпейтін сияқты. Күтіп отыруға да қорқып отырмыз. Сол себепті Ыстамбұл арқылы ұшуды шештік", – деді әнші.

Жазира Байырбекова әуежайда ұша алмай отырған адамдардың көп екенін айтып, өзін өзгелерден жоғары санамайтынын жеткізді.

"Ұша алмай жүрген халық өте көп. Біз де халықтан үлкен емеспіз. Сәттілік тілеп, қолдау білдіріп жатқандарыңызға рақмет", – деп жазды ол видеожазбаның астында.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер