Шоу-бизнес

“Әуелі ата-анасын өлтіріп, кейін өзіне қол салған” - Атырауда жағаұстатарлық оқиға орын алды

KZNEWS KZNEWS
“Әуелі ата-анасын өлтіріп, кейін өзіне қол салған” - Атырауда жағаұстатарлық оқиға орын алды

Атырауда 25 жастағы жігіт әуелі ата-анасын өлтіріп, кейін өзіне қол салған.

"Астана" телеарнасының мәліметіне сүйенсек, ер адам 65 және 58 жастағы ата-анасына бірнеше рет пышақ сұғып, ақ параққа "кешіріңдер мені" деген жазба қалдырғаны да айтылады.

"Жігітті бірі – ғаламтордағы ойынның тапсырмасын орындаған десе, бірі – лудоман болған деп, сан-саққа жүгіртіп жатыр. Полиция жігіттің бұрын-сонды істі болмағанын және есірткіге қатысты тіркеуде тұрмағанын айтты", – деп жазылған телеарна мәліметінде.

Атырау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, ерлі-зайыптыны өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ қайтыс болған ер адам мен әйелдің ұлының денесі табылған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша 25 жастағы ер адам 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтірген, содан кейін өз өмірін қиған. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жедел тергеу жүргізіліп жатыр", – деді Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

фото:  Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz