KZNews.kz
Шоу-бизнес

Ауа райы: Бүгін еліміздің бірқатар аймағында аяз күшейіп, жел тұрады - новости Казахстана

KZNEWS

Бүгін, 5 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен аязды ауа райы күтіледі, тек солтүстік аудандарда қар жауып, оңтүстік-шығыста жел тұрады деп хабарлайды Қазгидромет.

Көрнекі фото: www.spb.kp.ru

Синоптиктердің болжамынша, кей жерлерде тұман, батыста көктайғақ, солтүстікте жаяу бұрқасын болады.  

Алматы облысының кей бөліктерінде түнде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали

Тағы да оқыңыздар

KZNEWS
Автордың басқа материалдары