KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Атырауға ұшақ шұғыл қонды: жолаушы көз жұмды

• Жарқын Омаров
ашық дереккөз

Антальядан Екатеринбургке ұшып бара жатқан «Аэрофлот» ұшағы жолаушының жағдайы нашарлағандықтан Атырауға шұғыл қонды, деп хабарлайды kznews.kz.

Halyqstan мәліметінше, SU793 рейсін Airbus A320 ұшағы орындаған.

Ұшу кезінде ер адамның жағдайы күрт нашарлап, ол есінен танып қалған. Бортсерік оның тамыры соқпай тұрғанын байқап, бірден жүрек-өкпе реанимациясын жасаған.

Ұшақ Атырауға қонған соң медицина қызметкерлері көмек көрсетуге тырысқан. Алайда жолаушыны құтқару мүмкін болмады.

Кейін ұшақ жолаушының денесін алып, Екатеринбургке қарай ұшып кеткен.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →