Араша сұрар заң қайда? Арыстағы трагедия бүкіл қоғамға үкім
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атыраудағы қанды қылмыс туралы жазған хакер елге әкелінді

Атыраудағы қанды қылмыс туралы жазған хакер елге әкелінді
Фото: ашық дереккөз

Жангелдин ауылында жоғалған отбасы ісіне қатысты жазбаларымен танылған блогер Түркияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Атырау облысының тұрғыны елге жеткізілгеннен кейін Алматыдағы тергеу изоляторына қамалды. Тергеу мәліметінше, ол 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында Instagram арқылы Атыраудың екі тұрғынын алдап, 3 миллион теңгеден астам қаржысын иемденген деген күдікке ілінген.

Блогер бұған дейін Жангелдин ауылында жоғалған отбасы туралы ақпарат таратып, өзін жеке тергеу жүргізген хакер ретінде таныстырған. Алайда полиция оның ешқандай дербес іздестіру жұмыстарын жүргізбегенін мәлімдеді.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, күдікті әлеуметтік желіде тек ресми тергеу барысында анықталған мәліметтерді өз атынан жариялап отырған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.