Әлеуметтік желілерде Айгүл есімді көріпкел Атырау облысында із-түзсіз жоғалған отбасыға қатысты өз болжамын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Көріпкелдің сөзінше, аталған іске байланысты алдағы уақытта жаңа әрі маңызды мәліметтер шығуы мүмкін. Бұған дейін де ол осы қайғылы жағдай мен күдіктілер төңірегінде тосын пікір білдірген еді.
Бұл жолы Айгүл жоғалған отбасы мүшелерінің бірін судан іздеу керек деген жорамал айтты.
"Менің ішкі түйсігім бір адамды судан қарау керек дейді. Бұрын мұндайды айтқан емеспін. Бәлкім, алғаш жоғалған ұл баланы судан табуы мүмкін. Нақты кесіп айта алмаймын, бірақ суға қатысты бір құпия бар сияқты", – деді ол.
Әзірге ресми органдар аталған мәлімдемеге қатысты түсініктеме берген жоқ. Іздеу және тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.