Парашюті ашылмай қалып көз жұмған 18 жасар сарбаздың өліміне кінәлілер сотталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда жоғалған отбасы ісі: күдіктіге қатысты жаңа мәліметтер жарияланды

Атырауда жоғалған отбасы ісі: күдіктіге қатысты жаңа мәліметтер жарияланды
Alash.kz коллажы

Танымал журналист Жанат Жақсыбайқызы әлеуметтік желіде «Атырауда жоғалған отбасы» ісі бойынша күдіктілердің бірі Ақбаян Мұқанғалиева туралы қосымша ақпаратты бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналистің айтуынша, оқырмандар арасында күдіктінің туыстары онымен кездескен-кездеспегені жайлы сұрақтар жиі қойылған. Алайда қазіргі уақытта оның жақындары Ақбаянмен жүздесе алмаған. Бұл жағдай тергеу құпиясына байланысты, яғни құзырлы органдар тарапынан кездесуге рұқсат берілмеген.

Сонымен қатар, марқұм отбасының туыстары Ақбаянның балалар үйіндегі ұл-қыздарын іздеп барғанымен, заң талаптарына сәйкес олармен де кездесу мүмкін болмағаны белгілі болды.

Қазіргі таңда Ақбаян Мұқанғалиева Алматы қаласындағы жүйке ауруларын зерттеу орталығында ем қабылдап жатыр.

Жанат Жақсыбайқызы бұл іске қатысты көптеген деректер әзірге жарияланбай отырғанын атап өтті. Тергеу амалдары әлі де жалғасып жатыр, ал істің толық мән-жайы сот процесі барысында белгілі болады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер