Харри Кейн «Алтын допты» иеленді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда өлі табылған шенеуніктің әпкесі бауырының соңғы күндері туралы айтты

Атырауда өлі табылған шенеуніктің әпкесі бауырының соңғы күндері туралы айтты

Атыраудағы пәтерлердің бірінен өлі табылған әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы Бауыржан Асаиновтың туған әпкесі Алма Мұқатова мәлімдеме жасады. Ол бауырының өмірінің соңғы күндері қалай өткенін айтып, оның өліміне қатысты тараған кейбір ақпаратпен келіспейтінін жеткізді.

Бауыржан Асаиновтың денесі 18 қазанда Атырау қаласындағы пәтерден табылған болатын. Оқиға қоғамда қызу талқыланып, шенеуніктің өліміне қатысты түрлі ақпарат тарады.

Осыған байланысты марқұмның туған әпкесі Алма Мұқатова бейнеүндеу жариялап, отбасы атынан жағдайға түсініктеме берді. Оның мәлімдемесін QOS Live басылымы жариялаған.

Алма Мұқатованың айтуынша, Бауыржан Асаинов қайтыс болар алдында еңбек демалысында болған. Осы уақытта ол Түркістан облысындағы "Сарыағаш" шипажайына барып, демалған. Кейін Атырауға оралған соң тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаға қаралып, медициналық ем-шаралар қабылдаған.

Марқұмның әпкесі бұл мәліметтерді растайтын құжаттар отбасының қолында екенін мәлімдеді. Оның ішінде шипажайға барғанын және медициналық ем қабылдағанын растайтын қағаздар мен еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бар. Сондай-ақ Алма Мұқатова Бауыржан Асаиновтың әріптестері оның сол уақытта жұмыста болмағанын білгенін және онымен байланыста болғанын айтты.

Бейнеүндеуде ол отбасының тағы бір мүшесіне қатысты ақпаратқа да тоқталды. Әйелдің сөзінше, олардың тағы бір бауыры 9 және 10 қазан күндері отбасылық жағдайға байланысты Атырауда болған. Алайда 10 қазанда сағат 12:00-де өзі тұрақты тұратын Астана қаласына ұшып кеткен. Алма Мұқатова бұл сапарды растайтын құжаттар да бар екенін жеткізді.

Оның айтуынша, аталған туысы тергеу органдарынан жасырынбаған және қажетті түсініктемелерін берген.

"Ешкім жауап беруден жасырынған жоқ. Жауап алу хаттамасы іс материалдарында бар", – деді Алма Мұқатова.

Айта кетейік, отбасы өкілінің мәліметіне сәйкес, марқұмның бауыры Атыраудан 10 қазанда кеткен, ал Бауыржан Асаиновтың денесі 18 қазанда табылған.

Дегенмен бұл деректердің өзі шенеуніктің нақты қай уақытта қайтыс болғанын немесе өлімінің алдында қандай жағдайлар болғанын анықтауға жеткіліксіз. Бұл мәселелерге тергеу қорытындысы бойынша жауап берілуі тиіс.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер