Бұқара мен банктер: несие портфелі 40,2 трлн теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда колонияда көз жұмған сотталушының жаназасына жүздеген адам жиналды

Атырауда колонияда көз жұмған сотталушының жаназасына жүздеген адам жиналды
Photo by Sam Scholes/Getty Images

Атыраудағы түзеу мекемесінде қайтыс болған 51 жастағы ер адамның жаназасына жүздеген адам қатысты. Алайда жиналғандардың басым бөлігі марқұмның ауыр қылмыс үшін сотталғанынан бейхабар болған, деп хабарлайды kznews.kz.

«Ақ Жайық» басылымының дерегінше, 22 наурыз күні колонияда сотталғандар арасында жанжал туындап, соның салдарынан Дабыл Ұ. есімді тұтқын қаза тапқан. Оқиға оның туған күні болған күні орын алған. Қазіргі таңда бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

25 наурызда «Иманғали» орталық мешітінде өткен жаназаға көпшілік жиналған. Куәгерлердің айтуынша, рәсімге қала әкімдігі мен түрлі мекеме өкілдері де қатысқан. Жаназа намазынан кейін қаладағы ірі банкет залдарының бірінде ас беріліп, марқұмның денесі Жылыой ауданындағы Құлсары қаласына жерлеуге жеткізілген.

Сонымен қатар, дереккөздер жаназаға келген адамдардың көпшілігі марқұмның қандай қылмыс жасағанынан хабарсыз болғанын айтады. Белгілі болғандай, ол Қылмыстық кодекстің ауыр баптары бойынша, атап айтқанда кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері және оларды азғындату фактілері үшін 25 жылға сотталған. Жәбірленушілер ретінде оның 5 және 8 жастағы өгей қыздары танылған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер