Бүйірі тоқ бюджет: түсім артып, қысым көбейді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда екі трансвестит ВИЧ-ті әдейі жұқтырумен айналысқан

Атырауда екі трансвестит ВИЧ-ті әдейі жұқтырумен айналысқан
Видео кадры

Атырауда полиция қызметкерлері АИТВ-инфекциясын әдейі таратты деген күдікпен 23 және 28 жастағы екі транс-персонаны ұстады, деп хабарлайды kznews.kz.

Атырау облысының полиция департаменті мәліметінше, күдіктілер 2025 жылдың желтоқсан айынан бері арнайы медициналық есепте тұрған және өздерінде АИТВ бар екенін білген. Соған қарамастан, олар ақылы интимдік қызмет көрсетуді жалғастырған.

Жедел іс-шараларды ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл дерек бойынша АИТВ-инфекциясы бар екенін біле тұра, басқа адамға әдейі жұқтырды деген баппен қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, ықтимал жәбірленушілердің саны анықталуда.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.