KZNEWS.KZ
Қоғам

Атырауда бүтін бір отбасыны өлтірген қанды қылмыскерге байланысты сот басталды

• Айжан Сыланова
Фото: politico.kz

Атырауда Жаңгелдин ауылындағы бір отбасының төрт мүшесінің қазасына қатысты резонанс тудырған іс бойынша сот басталды. Іс Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қаралып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Тергеу мәліметінше, айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев әйелінің туыстары — қайын атасы, қайын енесі және әйелінің ағасы мен әпкесін өлтірді деген күдікке ілінген. Қылмыстық іс «Адам өлтіру» және «Ұрлық» баптары бойынша тергелуде.

Отбасы мүшелері 2025 жылдың қарашасында жоғалып кеткен. Кейін олардың телефондары еліміздің түрлі өңірлерінде қосылып-өшіп тұрғаны анықталған. 2026 жылдың қаңтарында марқұмдардың денелері табылды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →