KZNEWS.KZ
Қоғам

Атырауда балабақша тәрбиешісі баланы сүйреп, шапалақпен ұрған: Оқиға видеоға түсіп қалды

• Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Атырау облысының Индербор кентіндегі "Балдәурен" балабақшасының тәрбиешісі балалардың бірінің туған күнін атап өту кезінде оларға дөрекілік танытқан. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды kznews.kz

Сол сәтте тәрбиешілердің бірі баланы үстелге қарай дөрекі түрде сүйреп әкелсе, екіншісінің арқасынан шапалақпен ұрған.

Видеода әйелдің балаға зекіп сөйлеп, оны итеріп, шымшығаны байқалады. Сондай-ақ ол баланың әрекетін өзгелерге көрсеткендей сөйлеп "Әне, қарашы. Тентек тұр, әлі де оны итеріп, түртіп жатыр. Тағы да қасына келіп тұрып алып, қарашы мұны?" деп айтқан.

Редакция Атырау облыстық білім басқармасынан және Индер аудандық білім бөлімінің басшысы Орынша Ділмұқашевадан түсініктеме сұраған.

Білім бөлімінің мәліметінше, аталған жағдайға қатысты тексеру басталған. Оның нәтижесі туралы қосымша хабарланатыны айтылды.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →