KZNews.kz
Қоғам

Атырауда автобус жүргізушісі 10 жастағы баланы қағып өлтірді

Айжан Сыланова
Фото: ашықдереккөз

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 30 тамыз күні сағат 13:30 шамасында Тасқала ықшам ауданында болған. Автобус аялдамасының жанында жолды кесіп өтпек болған 2015 жылы туған жасөспірімді көлік қағып кеткен.

Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына дереу жеткенімен, дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан бала алған жарақатынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

Полиция жолда жүру ережесін қатаң сақтауға шақырып, жаяу жүргіншілерге тек арнайы өткелдерден өту қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жүргізушілерді аялдама мен тұрғын үй маңында жылдамдықты міндетті түрде төмендетуге үндеді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →