KZNEWS.KZ
Қоғам

Атырауда 8 жасар мектеп оқушысы көз жұмды

• Айжан Сыланова

Атырау қаласында Әл-Фараби атындағы BINOM мектеп-лицейі маңындағы жаяу жүргіншілер жолында 8 жастағы мектеп оқушысын көлік қағып кетті, деп хабарлайды kznews.kz.

Полиция мәліметінше, оқиға 6 сәуір күні таңғы сағат 07:45 шамасында болған. 2018 жылы туған қыз жолдан өтіп бара жатқанда, оны 52 жастағы жүргізуші басқарған Toyota Hiace автокөлігі соққан.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға, әсіресе жаяу жүргіншілер өткелінде жылдамдықты азайтып, барынша мұқият болуға шақырды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →