Атырау облысында инфекцияға шалдыққан алты науқастың жайы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Олардың үшеуі 1986, 1983 және 1960 жылғы ер азаматтар мен 1969, 1957 жылғы әйелдер. Тағы біреуі - 18 жастағы бойжеткен.
"Олардың барлығы бұрын анықталған науқастармен байланыста болғандар. Қазір олардың жағдайы - қанағаттандырарлық", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
Дәрігерлер ауруға шалдыққандардың станционарда ем қабылдап жатқанын айтып кеттң. Қазір олармен қарым-қатынасқа түскендерді анықтау қолға алынған.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, қазір Атырау облысында коронавирус жұқтырған 29 адам тіркелген.
Қазақстанда індетті жұқтарғандардың саны 584 болды.
stan.kz