Саяси смета: Бюджет қаржысы қай партияларға бұйырды?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырау облысындағы қанды қылмысты күдікті алдын ала жоспарлаған

Атырау облысындағы қанды қылмысты күдікті алдын ала жоспарлаған
Атырау облысы ПД

Атырау облысы Жангелдин ауылында болған отбасы мүшелерінің өліміне қатысты іс бойынша жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Tengrinews.kz басылымының ресми сауалына жауап берген полиция өкілдері күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның бұрынғы жұбайы Ақбаянның ұсталғанын растады.

ІІМ мәліметіне сәйкес, құқық қорғау органдары шетелдік әріптестерімен бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында күдікті Индонезиядағы Ломбок аралында орналасқан Сенару ауылында қолға түскен. Сонымен қатар, халықаралық іздеуде жүрген оның бұрынғы жұбайы да анықталып, ұсталған.

"Қазақстан ІІМ қызметкерлері шетелдік әріптестермен бірлесіп жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүрген ер адам ұсталды. Онымен бірге бұрын хабар-ошарсыз кеткен ретінде халықаралық іздеуде болған бұрынғы жұбайы анықталды", – делінген полиция хабарламасында.

Құқық қорғау органдарының дерегіне сәйкес, бұл қылмыс әу бастан жоспарланғаны анықталған.

"2025 жылдың қараша айында күдікті ұзақ уақытқа созылған тұрмыстық жанжалдар мен пайдакүнемдік мақсатты көздей отырып, екі адамды қасақана өлтіруді алдын ала жоспарлаған. Қылмысты жасағаннан кейін ол ізін жасыру үшін мәйіттерді шаруашылық құрылысының астына көміп, қан іздерін жойып, жәбірленушілердің мүлкі мен ақшасын иемденген", – деп хабарлады полиция.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер