"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Атырау облысында жоғалған тұрғындарды іздеу жұмыстары тоқтатылды

Атырау облысында жоғалған тұрғындарды іздеу жұмыстары тоқтатылды
Arasha.kz коллажы

Жангелдин ауылында жоғалған тұрғындарды іздеуге байланысты жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Наурыз бен Мирамгүлді табуға бағытталған жұмыстар Атырау облыстық полиция департаменті жолдаған сұрау негізінде жүргізілген. Құтқару қызметінің бөлімшелері елді мекен аумағын түгелдей тексеріп шыққан.

"Полиция белгілеген барлық учаскелер қаралды. Қазіргі уақытта іздестіруді жалғастыруға қатысты полиция тарапынан жаңа тапсырмалар немесе қосымша бағыттамалар түскен жоқ", – деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Еске сала кетейік, бір отбасының жоғалуына байланысты іздестіру жұмыстары 2025 жылғы 25 желтоқсанда туыстарының құқық қорғау органдарына жүгінуінен кейін басталған. Тергеу барысында қора аумағынан үй иесі мен оның жұбайының мәйіттері табылған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер