Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Атырау облысында тоқ соғып, ауруханаға түскен 25 жастағы электриктің жағдайы туралы не белгілі?

Атырау облысында тоқ соғып, ауруханаға түскен 25 жастағы электриктің жағдайы туралы не белгілі?
Arasha.kz коллажы

Атырау облысында электр бағанасында жұмыс істеп жүрген 25 жастағы электрик тоқ соғып, ауыр халде ауруханаға түсті. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға бір ай бұрын Атырау облысының Көктоғай ауылында тіркелген. Жұмыс кезінде тоққа түскен Еламан Сағиевтің денесінің шамамен 5 пайызы күйіп, қол-аяғы мен ішкі ағзаларына елеулі зақым келген. Марқұмның туыстары еңбек қауіпсіздігі талаптарының толық сақталмағанын алға тартуда.

"Ауа райы қолайсыз болғандықтан, апат жиі болады. Сол күні Көктоғайға шақырған. Түстен кейін сап-сау кеткен балам ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Екі жыл бұрын ғана үйленген еді. Денесін күйік шалған, нақты жағдайын айтпай отыр", – деді жұмысшының анасы Гүлшат Бисенова.

Бұл оқиғаға қатысты журналист Жанат Молдашова пікір білдіріп, зардап шеккен азаматқа күрделі ота жасалып, оның сол жақ қол-аяғы кесілгенін мәлімдеді.

"Ел болып Еламанның амандығын тіледік. Жаңа ғана оған күрделі ота жасалып, сол жақ аяқ-қолы кесілгенін естіп, жүрегім езілді. Бастысы басы аман. Мықты бол, Еламан! Мыңдаған халық сенің тілегіңді тілеп отыр! Күніне ондаған адам менен сені сұрап мазалайды. Айта кетейін, осыдан бір ай бұрын Индер ауданында "Атырау Жарық" компаниясында жұмыс жасайтын 25 жастағы электрикті тоқ соғып, өте ауыр халде ауруханаға түсті. Кейін науқасты Астанадағы медициналық орталыққа алып кетті. Ол бағана басында электр желісін жөндеп жатқанда стансадан біреу тоқты қосып жіберген еді. Қазір осы бойынша тергеу жүріп жатыр", – деді журналист Жанат Молдашова.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер