Қала басшысы қызметіне өңірдің тумасы, 41 жастағы Данияр Таханов келді, деп хабарлайды kznews.kz.
Данияр Таханов бұған дейін Атырау облысындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны басқарған.
Ол 2022 жылдың мамыр айынан бері «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы қызметін атқарып келген.
Данияр Таханов жоғары білімін Қытай астанасы Бейжіңде алған. Оның еңбек жолы мемлекеттік басқару және өңірлік даму салаларымен байланысты.