Кеңгірбай Қоңырұлы Смағұлов 1978 жылы 1 қыркүйекте дүниеге келген. Жезқазғандағы О.А. Байқоңыров атындағы университетті «Өндірісті ұйымдастыру» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Қазақ және орыс тілдерін меңгерген.
Еңбек жолын 2000 жылы Жезқазған қалалық салық комитетінде салық инспекторы болып бастаған. Әр жылдары кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы мемлекеттік мекемелерді басқарды. Сондай-ақ Жезқазған қаласы әкімі аппаратының басшысы, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары және AMANAT партиясы қалалық филиалының жауапты хатшысы қызметтерін атқарған.
2022 жылдан бастап Ұлытау облысының еңбек инспекциясы басқармасына, кейін облыстық қаржы басқармасына жетекшілік етті. Соңғы қызметі — Ұлытау облысы әкімі аппаратының басшысы. 2026 жылғы қыркүйекте Сәтбаев қаласының әкімі болып тағайындалды.