KZNEWS.KZ
Саясат

Атырау әкімі Шәкір Кейкин өз еркімен қызметінен кетті

• Айгерім Асылова
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин қызметінен кетті. Мұны Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ресми мәліметке сүйенсек, Шәкір Кейкин лауазымын өз еркімен босатқан.Оның өтінішін аймақ басшысы қанағаттандырды.

Шенеунік шахар басшысы қызметіне 2023 жылдың 10 шілдесінде кіріскен еді. 

Шәкір Кейкин түрлі мемлекеттік мекемеде басшылық лауазымда жұмыс істеді.

2023 жылдың наурызынан бастап қала әкімі қызметіне кіріспеске дейін 
Сауда және интеграция министрлігінде Сауда департаментінің басшысы қызметін атқарып келген.

Еске салайық, ҰҚК Атырау қаласы әкімінің екі бірдей орынбасары Мейіржан Мұқасов пен Тілек Махуовқа қатысты тергеу жүріп жатқанын растағанын жазған едік.


 

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →