"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Аты тұрмақ тегін білмеймін": Ақтау тұрғындары әкімдерін танымайтын болып шықты (видео) - новости Казахстана

"Аты тұрмақ тегін білмеймін": Ақтау тұрғындары әкімдерін танымайтын болып шықты (видео) - новости Казахстана

Ақтау әкімі Ғалымжан Ниязов жақында халықпен есептік кездесуін өткізді. Қаланы 2017 жылдың қарашасынан беріп басқарып келе жатқан шенеунікті қала халқы қаншалықты танитынын Lada.kz тілшілері анықтап көрді деп жазады NUR.KZ.

Фото:tumba.kz

Сауалнама нәтижелері таңғалдырды. Сұқбат бергендердің барлығы дерлік Ғалымжан Ниязовты танымайтын болып шықты.

"Аты тұрмақ тегін білмеймін", "Аты-жөнін білмеймін. Ол көрінбейді, одан еш хабар жоқ", "Шынымды айтсам, білмеймін" - деді тұрғындар.

Тек бір тұрғын Ақтау қаласының әкімінің аты-жөнін дұрыс айтты.

Қалған тұрғындар қала әкімін танымайды немесе облыс басшысы Ералы Тоғжановпен шатастыратын болып шықты.

Қала тұрғындарынан әкім келгелі не өзгергенін де айта алмады.

"Оны мүлде көрген жоқпын", "Олар тез ауысады", "Қашан ауысқанын да білмеймін. Бұрынғы әкімнің, қазіргі басшының қандай жұмыс атқарғанын білмеймін", деп пікірін білдірді ақтаулықтар.

Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали

Тағы да оқыңыздар


Дереккөз: kaz.nur.kz
Автор
Жандос