KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

“Атом, уранның не екенін біле ме екен ол?”: Серікжан Біләш Қайрат Нұртас туралы пікірі қызу талқыға түсті

• Айжан Сыланова
Фото: әлеуметтік желіден

Серікжан Біләштің әнші Қайрат Нұртасқа қатысты айтқан сыни пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Оның өнер иесінің ақыл-ойына күмән келтіріп, АЭС тақырыбындағы көзқарасын сынға алған видеосы көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды kznews.kz.

«Қайрат Нұртастың басын өткірлеу ұстарамен ашып көріңдерші. Ішіне шай қасық салып көрсеңдер, сол қасық толатын ми шықса, мен басымды ашып берейін. Атом, уран дегеннің не екенін біле ме екен ол. Қайраттың сұхбатын желіден көргенде талып қала жаздадым. АЭС туралы ол айтса, ақырзаман болады деген сөз», – деді Серікжан Біләш.

Оның бұл мәлімдемесі желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Кейбірі Біләштің сөзін орынсыз әрі тым дөрекі деп бағалап, әншіні жақтап шықты. Пікір білдірушілердің қатарында Қайрат Нұртасты сынаудан гөрі, оның жеке басына тіл тигізбей, айтқан ойына қатысты пікірталас жүргізу керегін алға тартқандар да бар.

Осылайша, Серікжан Біләштің видеосы әлеуметтік желідегі талқылауға арқау болып, әншінің АЭС туралы пікірі қайтадан назарға ілікті.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →