Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ-та 35 келі есірткі тасымалдады деген күдікпен екі қазақстандық қамауға алынды

АҚШ-та 35 келі есірткі тасымалдады деген күдікпен екі қазақстандық қамауға алынды
Фото: facebook.com/sheriffchamberstx

Полицияның дерегінше, 2025 жылдың 27 қыркүйегінде арнайы тергеу тобы Есірткімен күрес басқармасымен бірлесіп, I-10 автомагистралінде көліктерді тексеру кезінде 35 келі кокаин тапқан.

Күдіктілер — Нұрсұлтан Мұқтарәли (Нью-Йорк) және Мұхит Дәнібеков (Пенсильвания). Екеуіне де аса ірі көлемде есірткі сақтау айыбы тағылды. Бұл — бірінші дәрежелі ауыр қылмыс саналады. Қазіргі таңда олар Чемберс округінің түрмесінде қамауда отыр.

Мұхит Дәнібековтің ағасы Жомарт Дәнібеков інісінің АҚШ-қа нәпақа табу үшін барғанын, ал екеуі жүк көлігімен тасымал жасаумен айналысқанын айтты. Оның сөзінше, күдіктілер жүк ішіндегі есірткі туралы білмеген.

Қазір оларды сотқа дейін босату үшін 200 мың доллар кепіл қажет. Жомарт Дәнібеков халықтан көмек сұрап, інісінің үш баласы мен науқас әйелі бар екенін жеткізді.

Осы оқиғаға байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне ресми сұрау жолданған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.