СТВ арнасы 1 қаңтардан бастап хабар таратуды тоқтатады. Себебі "Алаш Медиа тобы" холдингі телеарнаны қаржыландыруды тоқтатты.
15 желтоқсанда телеарна қызметкерлеріне "Алаш Медиа тобы" холдингі қаржыландыруды тоқтатқаны туралы хабарланды. Арна жойылады. Қазір штатта 50-ге жуық адам бар.
СТВ басқармасының хабарлауынша, заңнамаға сәйкес кәсіпорынның таратылуына байланысты барлық қызметкерлер жұмыстан шығарылады.
Orda.kz редакциясы СТВ телеарнасы бас директорының орынбасары Святослав Тарасовпен байланысып, арнаның жабылғанын растады.
"Медиа-холдинг телеарнаның рейтингі төмен және тиімсіз, перспективалары жоқ болғандықтан осындай шешім қабылдады", – деді Тарасов.
http://t.me/orda_kz
Фото: d-russia.ru