Белгілі әнші Сәкен Майғазиев отбасындағы үлкен қуанышты көпшілікпен бөлісті. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында алғаш рет ата атанғалы отырғанын айтып, дүниеге келетін немересінің жынысын өзі жария етті. Бұл туралы turkystan.kz хабарлайды.
Әнші сәбидің жынысына қатысты тілегін де жасырмады.
"Маған ұл болса да, қыз болса да иманды, білімді, саналы, өнерлі және ең бастысы дені сау болсын деп тілеймін. Алла жар болсын! Сіздерге де жұғысты болсын!" – деді ол.
Жынысы құпия сақталған тортты Сәкен Майғазиевтің өзі кесіп, көпшіліктің алдында сүйінші жаңалықты жеткізді. Нәтижесінде Майғазиевтер әулетінде қыз бала дүниеге келетіні белгілі болды.
Қуанышты жаңалықты болашақ әже мен атамен бірге келіндері Әдия да бөлісті. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында:
"Күшті видео түсірдік, бірақ оны кейін саламыз. Әзірге осы жаңалықпен бөліскім келді тезірек", – деп жазды.