300 мыңнан асты: кәсіпкерлер қыз-келіншектер саны көбейген
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Ата бәрін ұмытқан": Журналист Жанат Молдашова ұлынан зәбір көрген қарияның жағдайын айтты

"Ата бәрін ұмытқан": Журналист Жанат Молдашова ұлынан зәбір көрген қарияның жағдайын айтты

Журналист Жанат Молдашова әлеуметтік желіде Әділхан есімді қарияның денсаулығы нашарлап, есте сақтау қабілетінен айырылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қарияға қатысты іс бойынша сот процесі басталмақ, алайда қазір қарт кісі өз басынан өткен оқиғаларды айтып бере алмайды.

Жанат Молдашова Instagram парақшасында қарияның қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдіріп, бұған дейін онымен жеке сөйлескенін жеткізді.

Журналистің сөзінше, жаз мезгілінде Әділхан ата қалаға арнайы келіп, басынан өткен жағдайларды көзіне жас алып баяндаған. Алайда содан бері қарияның денсаулығы нашарлап, есте сақтау қабілетінде күрделі өзгерістер болған.

"Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына жылаймын" деген осы. Ең өкініштісі Әділхан ата бәрін ұмытқан. Қайран әке, жазда қалаға келіп, жылап отырып бәрін егжей-тегжей айтып берген еді. Енді сот басталады. Бірақ өзі сөйлей алмайды. Денсаулығы нашарлап, жады өшкен", – деп жазды журналист.

Жанат Молдашова оқиғаның екінші тарапымен де байланысқа шыққанын айтты. Оның мәлімдеуінше, ол Әділхан атаның ұлын арнайы іздеп барып, жағдайға қатысты пікірін сұраған.

"Ұлын да іздеп барып, сөйлестім. Ол "жала" деп отыр. Толығырақ сториске саламын", – деп жазды Жанат Молдашова.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер