KZNEWS.KZ
Аймақ

Астананың қақ ортасында "70 лет октября" көшесі бар

• Асқар Алтайұлы
Фото: facebook.com/nurtore.jusip

Бәйтеректен 700 метрдей қашықтықта, Астананың дәл орталығында "70 лет октября" көшесі бар. Бұл туралы экс-сенатор Нұртөре Жүсіп Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

"Иә, қазақта “көрген көзде жазық жоқ” деген сөз бар. Астанада жаяу жүретін дағдымыз: жүргенде көрмеген туысты да, түрлі-түрлі қуысты да көресің…
Тура елордамыздың қақ ортасында, аспанға мойнын созған Абу-Дабидың дәл түбінде “70 лет Октября” деген де көше бар екен.
“КСРО келмеске кетті” деп жүргендер көп еді…
 Тым алысқа кете қоймаған екен!.." деп жазды Нұртөре Жүсіп.

Пікір алаңында жазған бір оқырман көшенің небәрі 100-150 метр шамасында болуы ықтимал деп жазған. "Орнына үлкен ғимараттар салынады. Көше аты да алдағы уақытта болмайды" деп пікір қалдырған.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →