Жұманғаринге әйелінің табысы туралы сұрақ жақпай қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астананың маңында болған отбасының қанды өлімі: депутаттар не дейді

Астананың маңында болған отбасының қанды өлімі: депутаттар не дейді
Фото © Tengrinews.kz

Астананың маңындағы Жібек Жолы ауылында болған жантүршігерлік қылмыстан кейін Мәжілісте психикалық ауытқуы бар адамдарды бақылау жүйесіндегі олқылықтар талқылана бастады, деп хабарлайды kznews.kz.

Еске салайық, 2 наурыз күні 1983 жылы туған ер адам ата-анасын, мүгедектігі бар ағасын және 18 жастағы жиенін өлтірген. Туыстарының айтуынша, ол бала кезінен психиатрдың есебінде тұрған, нақты диагнозы болған және мамандандырылған ауруханада ем алған. Шамамен екі жыл бұрын ауруханадан шығарылған. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.

Мәжіліс депутаты Бахытжан Базарбек психикалық дертке шалдыққан адамдардың тиісті бақылаусыз қалуы туралы сұраққа жауап бере отырып, жеке мысал келтірді.

Оның айтуынша, 2023 жылы психиатриялық есепте тұрған ер адам оның үйінің алдында балалар арбасын өртеп жіберген.

«Тергеушілер маған оның қалай өртегенін көрсетті. Қылмыстық іс қозғалды, бірақ екі аптадан кейін психиатриялық сараптамадан соң жабылды. Оны емделіп жатыр деп таныды. Содан не өзгерді? Ол сол күйі қалада еркін жүр. Заң қайда? Ол мені қорғады ма?», – деді депутат.

Базарбек мұны жеке өмірге және қауіпсіздікке қол сұғу деп бағалап, қоғамды қорғау жүйесі қаншалықты тиімді жұмыс істеп отырғанына күмән келтірді.

Ал депутат Наталья Дементьева мәселе тек құқық қорғау органдарына ғана емес, отбасы мен денсаулық сақтау жүйесіне де қатысты екенін айтты.

«Әрине, бұл жерде оның емделіп жүргенін білген және куә болған барлық тараптың жіберген олқылығы бар деп есептеймін. Мүмкін, оның жағдайы қайта нашарлаған сәтте назардан тыс қалған шығар. Бұл тек болжам. Осындай әрекеттерге жол бермеу үшін дер кезінде әрекет ету қажет еді. Бірақ мұндай жағдайларды алдын ала болжау іс жүзінде мүмкін емес», - деді ол.

Депутаттың айтуынша, науқастың жағдайы нашарлағанын дер кезінде анықтап, мамандардан кеңес алып, туыстарымен жұмыс жүргізу маңызды.

«Кінә іздеу  ең оңай жол. Заң бәріне ортақ. Бірақ адамды есі дұрыс емес деп таныса, жауапкершілік те басқа тәртіппен қаралады», – дейді Дементьева.

Ол мұндай трагедиялар сирек кездескенімен, қоғамға қатты әсер ететінін және оларды заң нормасымен реттеу іс жүзінде мүмкін емес екенін айтады.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі