"ЦОНда шынымен посредниктер жүр ме?" – ҰҚК-дан мән-жайды анықтау сұралды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астана маңында тұратын отбасының өлімі: полиция күдікті туралы мәлімет берді

Астана маңында тұратын отбасының өлімі: полиция күдікті туралы мәлімет берді
Фото © Tengrinews.kz

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астана маңындағы Жібек жолы ауылында бір отбасының қатыгездікпен өлтірілуі бойынша қосымша мәліметтер берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Әділовтың айтуынша, кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалған. Бұл аса ауыр қылмыстар санатына жатады.

«Күдікті ұсталды. Соттың санкциясымен ол қамауға алынып, екі айға тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында да қосымша тергеу жұмыстары жалғасуда, онда жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде», - деді министрдің орынбасары.

Ол сондай-ақ күдіктінің бұрын да сотталғанын айтты. Алайда нақты қандай қылмыс үшін сотталғанын нақтыламады.

«Ішкі істер министрлігінің өкілі ретінде айтайын, адамның кінәлі немесе кінәсіз екенін сот анықтайды. Ал құқық қорғау органдарының міндеті — дәлелдерді жинау, істің барлық жағдайларын жан-жақты, толық әрі объективті зерттеу және қылмысты дұрыс саралау», - деп түсіндірді Әділов.

ІІМ өкілі қаза тапқандардың бірнеше адам екенін растады. Олардың жеке тұлғалары анықталған.

«Барлық марқұмдардың кім екені анықталды, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», - деп қосты ол.

Еске салсақ, бұған дейін желіде Астана маңындағы Жібек жолы ауылында бір отбасының мүшелері қатыгездікпен өлтірілді деген қорқынышты хабарлама тараған болатын. Полиция қызметкерлері күдіктіні жедел түрде ұстап, оны уақытша ұстау изоляторына қамаған.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі