KZNews.kz
Шоу-бизнес

Астаналық депутат-модель соққы көргені жайлы айтып берді - Ел жаңалықтары

KZNEWS

Астанадағы Жастар мәслихатының депутаты (жергілікті атқарушы органдар мен Астана мәслихатына қатысы жоқ үкіметтік емес ұйым) Динагүл Тасова Желіде жарияланған суреттерден кейін оны жігітінің ұрып-соққанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Динагүл Тасова Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында осы жағдай жайлы толығырақ айтып берді.

"Иә, бұл рас. 8 желтоқсанда кешкі уақытта болды. Фотосессияға 10 күннен кейін бардым. Сол жағдайдан кейін бірнеше күн өтті. Жағдайым нашар болды. Не болғанын өзім түсінбей қалдым. Есеңгіреп қалдым. Бірнеше күн өз бетімше жүре алмадым. Денем ауырды", - дейді ол.

Сондай-ақ, Тасова тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы екенін айтып өтті.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары