KZNEWS.KZ
Қоғам

Астанадағы қайғылы өрт кезінде үш баласынан айырылған әйел есін жиды

• Айгерім Асылова
Фото: © istockphoto.com

Дегенмен, оның жағдайы әлі де ауыр

Елордада өрт салдарынан үш баласынан айырылған әйел есін жиды. Дегенмен, оның жағдайы әлі де ауыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Астана тұрғыны жеті тәуліктен бері жансақтау бөлімінде жатыр. Мамандардың айтуынша, науқастың жағдайына оның алған күйіктері, тыныс алу жолдарының зақымдануы және улы түтінмен улануы әсер етіп отыр.

«Қазіргі уақытта пациент есін жиды және медицина қызметкерлерінің сөздеріне, командаларына жауап берді. Оған қажетті барлық қолдау көрсетіліп жатыр», — деді травматолог-дәрігер Марат Сәбиров.

Қазіргі уақытта әйел адам жасанды тыныс алу құрылғысына қосылған. Дәрігерлер науқастың жүрек соғысы мен артериялық қысымының тұрақты екенін айтты.

Еске сала кетейік, жан түршігерлік оқиға 12 сәуірге қараған түні елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болды. Тілсіз жау үш баланың өмірін қиды.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →