Көршілер бірнеше рет ескерткен: Ақтауда екі жасар бала көз жұмды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанадағы "Нұр Отан" партиясының съезі: Назарбаев мәлімдеме жасайды

Астанадағы "Нұр Отан" партиясының съезі: Назарбаев мәлімдеме жасайды

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Мемлекет басшысы әлеуметтік қолдауды күшейту және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін шаралар ұсынады

АСТАНА, 27 ақпан — Sputnik. Бүгін Астанада президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Нұр Отан" партиясының XVIII съезі өтеді.

"Нұр Отан" партиясының съезі – не талқыланады

Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған партия съезі саяси ұйымның 20 жылдығына арналған.

2030 жылға дейінгі партияның жаңа бағдарламасы, жарғыға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар талқыланып, партия органдарының есеп беруі тыңдалады.

Съезде партияның саяси кеңесінің жаңа құрамын сайлау жоспарланған.

Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдемесі

Өткен аптада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан үкіметін отставкаға жіберді. Ол "Нұр Отан" партиясының съезінде әлеуметтік қолдауды күшейту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін шаралар ұсынатынын мәлімдеген еді.

Тұрмысы нашар азаматтарға әлеуметтік қолдауды күшейту және халықтың әлеуметтік осал топтарының баспана жағдайын жақсартуға бағытталған мүмкіндіктерді кеңейту үшін бюджет пен Ұлттық қордан қаржы бөлінеді.

Осы тапсырмаларды орындау үшін, Назарбаев айтқандай, үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдер атсалысуы керек.


sputniknews.kz
Автор
Бауыржан