Астанада 14 жастағы мектеп оқушысының мәйіті өзеннен табылды, деп хабарлайды kznews.kz.
Куәгерлердің айтуынша, бала көпірден секірген.
Астана полиция департаменті хабарлағандай, 24 қараша күні сағат 21:00-де қыздың анасы полицияға арызданған. Ол өзінің қызы шамамен 18:30-да үйден шыққанын және байланысқа шықпай қалғанын айтқан. Жасөспірімді іздеуге дереу полицияның барлық жеке құрамы, волонтерлер және басқа да адамдар жұмылдырылған.
«Іздеу жұмыстары нәтижесінде мектеп оқушысының мәйіті өзеннен табылды. Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады полиция.