«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада TikTok әлеуметтік желісінде терроризмді насихаттағаны үшін ер адам сотталды

Астанада TikTok әлеуметтік желісінде терроризмді насихаттағаны үшін ер адам сотталды
Астанада TikTok әлеуметтік желісінде терроризмді насихаттағаны үшін ер адам жеті жылға сотталды, - деп хабарлайды Kznews.kz порталы Kaztag.kz сайтына сілтеме жасап.
 
 "6 желтоқсанда Астана қаласы Байқоңыр ауданының № 2соты ҚК-тің 256-бабының 2-бөлігінде (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін И. есімді азаматқа сотқа қатысты айыптау үкімін шығарды және жеті жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.
   Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы TikTok-та "қарулы жиһад" идеологиясын тарататын діни сипаттағы видео жариялаған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Фото: bbc.com
Автор
Нұрсұлтан