Қостанайда студенттер Қазақстандағы алғашқы спорттық болидті құрастырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада шоу жасаған қыздар жазаға тартылды

Астанада шоу жасаған қыздар жазаға тартылды

Астанада екі қыз қоғамдық орындарды әдейі ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Екі жағдай да әлеуметтік желіге жариялау үшін видеоға түсірілген.

Бірінші жағдайда елорда тұрғыны «Бәйтерек» монументінің жанында алкоголь құйылған бөтелкені ашып, ішіндегісін шашып, аумақты ластаған. Екінші жағдайда қыз қоғамдық орында орындықта отырып, сусынды әдейі төккен. Екі дерек бойынша да материалдар жиналып, сотқа жолданды.

Аталған фактілер бойынша құқық бұзушылар ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мұндай әрекеттерге жол берілмейтіні ескертілді. Бұл тек заң бұзушылық қана емес, айналадағы адамдарға, коммуналдық қызметкерлердің еңбегіне және қала тұрғындарына деген құрметсіздік болып саналады. Осындай құқық бұзушылықтар алдағы уақытта да тоқтатылатын болады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.