KZNEWS.KZ
Қоғам

Астанада мектеп маңында мұнаралы кран құлап, бір адам қаза тапты

Айжан Сыланова
Фото: El.kz/Арман МУХАТОВ

Астанада Қорғалжын тасжолы бойындағы №100 мектепке жақын орналасқан құрылыс алаңында мұнаралы кран құлап, қайғылы жағдай болды. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алған, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр. Екінші жараланған азаматқа дәрігерлер медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Құлаған кранның астында қалған қаза тапқан адамның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылған.

Қазіргі уақытта оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп, кранның құлау себептерін анықтап жатыр. Апаттың барлық мән-жайы тексеру нәтижесінде белгілі болады.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →